Спорт

Вишневская Азиаданың абсолютті чемпионы атанды

© AP Photo / Shuji KajiyamaБиатлоншы Галина Вишневская
Биатлоншы Галина Вишневская - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан құрамасы әртүрлі дәрежедегі 27 медальмен Саппорода Ойындардың жалпы командалық есебінде төртінші орыннан көтеріле алмай отыр

АСТАНА, 26 ақп – Sputnik. Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская жапониялық Саппорода өтіп жатқан Азиада ойындары асысында әйелдер биатлонында төрт жеңістің де жеңімпазы болды. 

Жексенбі күні таңертең Вишневская 12,5 шақырым қашықтықтағы әйелдер масс-стартын  бір қателікпен 39 минут 26,6 секундта аяқтады. Ол Саппородағы төртінші жарысында алғашқы болды. 

Бұдан бұрын Вишеавская спринтте, пасьютеде (қуу жарысы) және аралас командалық эстафетада бірінші болды. Осылайша, қазақстандық осы Ойындардың әйелдер биатлонында төрт дүркін және абсолютті чемпион болды. 


Жаңалықтар
0