Спорт

Медеуде демалыс күндері 2000-нан астам адам коньки теуіп үйренді

© Photo : Пресс-служба управления физкультуры и спорта Алматы"Медеу" мұз айдыны
Медеу мұз айдыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әр демалыс күндері коньки тебуді үйренгісі келетіндермен мұз айдынында нұсқаушылар жұмыс істейді

АСТАНА, 6 нау — Sputnik. Осы демалыс күндері Алматыдағы "Медеу" мұз айдынында 2500 жуық адам коньки тебуді тегін үйренді, деп хабарлайды дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. 

Дәрістерді кәсіби нұсқаушылар берді. Тегін үйрету шарасы 25 ақпанда басталды. 

"Коньки тебуді үйренгісі келетіндер көп. Бұл бізді өте қуантады. Бұл істе ең қуантатыны – өз жұмысыңды және адамдардың нөлден бастап, сеанстың соңына қарай белгілі бір жетістіктерге жеткенін көресің. Бұл уақытта мен 100 адамды сәтті үйреттім. Бұл жерде ең бастысы қорықпай жалға ұмтылу. Адамдар үш басты ережені сақтауы тиіс: аяқ бүгіліп тұруы, арқаны тік ұстау мен кішкене еңкею", — деді нұсқаушылардың бірі Еркебұлан Омар. 


Жаңалықтар
0