Спорт

"Торпедо" және "Сарыарқаның" "Братина" кубогы ширек финалындағы қарсыластары белгілі болды

Жазылу
Қазақстандық клубтар Жоғары хоккей лигасы плей-оффында ресейлік клубтарды бірдей есеппен ұтты – 4:1

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Өскемен хоккей клубы "Торпедо" және қарағандылық "Сарыарқа" өткен демалыста Жоғары хоккей лигасының плей-офф ширек финалына өткен болатын. Ал бейсенбі күні ойындардың екінші кезеңіндегі қарсыластарының кім екенін білді.

Барыс жанкүйерлері - Sputnik Қазақстан
Спорт
Техникалық іркілу "Барыстың" шешуші матчына билет сатып алуға мүмкіндік бермей отыр

Қос қазақстандық команда "Ижсталь" ("Торпедо" қарсыласы) және "Звезда" ("Сарыарқа" қарсыласы) клубтарын бірдей есеппен ұтқан еді – 4:1.

Енді жүйелі маусымда бірінші орын алған "Торпедо" ширек финалға шыққан сегіз команданың ішінде соңғы тұрған клубпен ойнайды, яғни Санкт-Петербург қаласының "Динамо" командасына қарсы шығады. 

Ал жүйелі кезеңде үшінші орын алған "Сарыарқа" "Зауралье" командасымен сайысқа түсетін болды. Бұл команда жүйелі маусымда сегізінші орынға ие болған еді. 

Қазақстандық командалар алғашқы ойындарды 12 және 13 наурыз күндері өз алаңдарында өткізеді де, кейін 16 және 17 наурыз күндері Курган мен Санкт-Петербург қалаларына аттанады.   

Жаңалықтар
0