Спорт

Занковец: "Барыс" "Магниткаға" қарсы жақсы ойнады, бірақ жеңіске лайық емес еді

© Photo : ХК "Барыс"Эдуард Занковец
Эдуард Занковец - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Барыс" хоккей клубының бас бапкері Эдуард Занковец Магнитогорск қаласының командасы "Металлургке"қарсы ойындағы жеңілістен соң, шәкірттерінің қарсыластардан қарағанда нашар ойнағанын мойындады
Занковец: "Барыс" с "Магниткой" играл неплохо, но победы не заслуживал

"Жаман ойнаған жоқпыз, бірақ жеңіске жететіндей дәрежеде ойын көрсетпедік: гол соғып, ұпай жинау үшін шабуылда белсенділік таныта алмадық. Бар мәселе осында", — деді Занковец матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

"Металлург" пен "Барыс" арасындағы бірінші ойын 9 наурыз күні өтіп, "Магнитка" 4:0 есебімен жеңіске жетті. Төрт жеңіске дейін созылатын ойындардың екінші матчы сенбі күні 11 наурызда Магнитогорскіде болады. Қалған екі ойын Астанада 13 және 15 наурыз күндері өтеді. 

Жаңалықтар
0