Спорт

"Магнитка": "Барысқа" көп рахмет

© Официальный сайт ХК "Барыс""Барыс" - "Металлург" - 2:3
Барыс - Металлург - 2:3 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Магнитогорск қаласының "Металлургі" Гагарин кубогі үшін жарыстың ширек финалында қазақстандық "Барысты" жеңіс жолынан ығыстырды

АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik. "Барыс" хоккей клубы сәрсенбі күні Құрлықтық хоккей лигасының ширек финалындағы ойынның соңғы төртінші матчында "Металлургтен" 2:3 есебімен ұтылды.

Эдуард Занковец - Sputnik Қазақстан
Спорт
Занковец: "Барыс" "Магниткаға" қарсы жақсы ойнады, бірақ жеңіске лайық емес еді

"Бүгінгі ойын туралы айтар болсам, матч жақсы өтті, — дейді "Барыстың" бапкері Эдуард Занковец. – Жалпы ойын туралы айтар болсам, кей сәттерде жеңіске қолымыз сәл ғана жетпей қалды. Бірақ қарсыласымызды да бағалағанымыз жөн. Былтыр маған бәрінен де "Металлург" қатты ұнаған, маусымды сол жеңеді деп ойлап едім. Биыл да олардың күші көбеймесе, азайған жоқ. Біз мықты, ұйымшыл командадан ұтылдық. Бұл жерде мықтылар ғана жеңіске жетеді", — деп мойындады ол.

"Барыс" "Металлургке" Магнитогорск қаласында 0:4 және 4:5 есебімен ұтылса, өз алаңында 3:5 және 2:3 есебімен жеңіліс тапты. Қазақстандық команда осымен сегізінші рет ҚХЛ-ның плей-офф кезеңінде ойнап отыр. Ал, ширек финалға екінші рет қана шыққан. 


Жаңалықтар
0