Спорт

Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегі үлкен экраннан көрсетіледі

© AP Photo / Richard DrewГеннадий Головкин пен Дэниел Джейкобс
Геннадий Головкин пен Дэниел Джейкобс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жекпе-жек 19 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 8:00 көрсетіледі.

АСТАНА, 18 нау — Sputnik. 2017 жылғы 19 наурызда Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобстың арасындағы жекпе-жек "Казмедиа Холл" киноконцерт залында (Астана, Д. Қонаев к-сі, 4) тікелей эфирден көрсетіледі, деп хабарланады елорданың ресми сайтында.

Көрсетілім Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Ұлттық Олимпиада комитеті мен Спорттық жекпе-жек және спорттың күштік түрлері конфедерациясының көмегімен жүзеге асырылады.

Астана тұрғындары мен қонақтары орта салмақтағы WBC, IBF, WBA (Super) және IBO титулдарының иегері Геннадий "GGG" Головкин (36-0, 33 КО) мен WBA (Regular) нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы американдық боксшы Дэниел Джейкобстың (33-1, 29 КО) арасындағы кездесуді үлкен экраннан HD форматында тамашалай алады.

Жекпе-жек 19 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 8:00 көрсетіледі. Трансляция демеушісі – "Қазақстан" РТРК. Шараны ұйымдастырудың демеушісі – Қазақстанның бокс федерациясы.

 

 

Жаңалықтар
0