Спорт

Елбасы Головкинге: сенің жеңісің барша қазақстандықтарға зор қуаныш сыйлады

© Пресс-служба президента Республики КазахстанНурсултан Назарбаев и Геннадий Головкин
Нурсултан Назарбаев и Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады

АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге WBA (Super), WBC, IBO және IBF тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы атағын қорғап қалуына байланысты құттықтау жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобстің жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкиннің келесі жекпе-жегі Астанада маусымда өтеді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкиннің қарымды қарсыласпен жанталасқан жекпе-жекте асқан шеберлік, қажымас қайрат және нағыз спортшыға тән мінез көрсетіп, чемпиондық атақтарын тағы да лайықты қорғап қалғанын атап өтті.

"Сенің жеңісің барша қазақстандықтарға зор қуаныш сыйлап, олардың жүрегін елімізге және отандық бокс мектебіне деген мақтаныш сезіміне бөледі", – делінген құттықтауда.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Головкинге мықты денсаулық тілеп, спортта жаңа жетістіктерге жетуіне ниеттестік білдірді.


Жаңалықтар
0