Спорт

Сондерс: мен Головкинмен Астанада босын, алаңда болсын шығуға дайынмын

© AP Photo / Murad SezerБилли Джо Сондерс
Билли Джо Сондерс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Британдық боксшы Билли Сондерсте Геннадий Головкиннің қолы жетпеген орташа салмақтағы жалғыз чемпион белдігі бар.

АСТАНА, 20 нау – Sputnik. Британдық боксшы Билли Джо Сондерс  қазақстандық Геннадий Головкиннің американдық Дэниэл Джейкобсқа қарсы жекпе-жекте өз титулдарын қорғағаннан кейін GGG-мен Астанада кездесуге дайын екенін мәлім етті. 

Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобстің жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкиннің келесі жекпе-жегі Астанада маусымда өтеді

Головкин-Джейкобс жекпе-жегі бір күн бұрын Астана уақытымен 19 наурыз күні  таңертең өтті. Геннадий Головкин америкалық спортшы Дэниел Джейкобсті төрешілер шешімімен жеңіп, WBA (Super), WBC, IBO және IBF тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы атағын қорғап қалды. 

Головкиннің есебінде 37 кәсіби рингтегі 37 жеңіске қол жеткізді, оларың 33-ін ол нокаутпен жеңді. Головкиннің еншісінде орташа салмақтағы бес чемпион белдігінің (WBA, IBF, WBC и IBO нұсқалары бойынша)  төртеуі бар.   Орташа салмақта абсолютті чемпион болу үшін жетпей тұрған WBO нұсқасы бойынша  жалғыз белдік. Ол британдық Джо Сондерсте. 

"Мен Головкинмен жекпе-жекке шығу үшін кез келген жерге ұшып барамын. Мен омен Қазақстанда шығуға қарсы емеспін. Мен онымен алаңда шайқассам да бәрі бір", — деді Сондерс Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында. 


Жаңалықтар
0