Спорт

Шахмат ханшайымы Динара Сәдуақасова әлемнің ең мықты 30 әйелінің қатарына енді

Жазылу
Қазақстандық қыз Вьетнамдағы турнирдегі жеңісінен кейін өз позициясын жақсартты.

АСТАНА, 26 нау — Sputnik. Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова халықаралық турнирдің  әйелдер есебінде бірінші орынға ие болып, әлемнің мықты әйелдері тізіміне ені, деп хабарлады жас спортшының есімімен аталған шахмат академиясы. 

Халықаралық HDBank Cup Internasional Open Chess 2017 турнирі Вьетнамда өтті. 

Турнирге әлімнің 21 елінен 103 шахматшы қатысты.

"Рейтингі біршама көтерілген Динара Сәдуақасова әлемнің ең күшті ТОП-30 әйелінің қатарына енген алғашқы қазақстандық шахматшы болды", — деп хабарлады академия әлеуметтік желіде. 

Сондай-ақ екінші орынды бұрынғы әлем чемпионы Антуанетта Стефанованың иеленгені хабарланады. Үшінші орынға Сингапур өкілі Ли Руфан ие болды. 


Жаңалықтар
0