Спорт

Америкалықтар Қазақстанға көкпар тартуға келеді

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуКөкпар
Көкпар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда көкпардан әлем чемпионаты өтеді

АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. ЭКСПО аясында көкпардан өтетін әлем чемпионатына АҚШ, Еуропа, Латын Америкасы елдерінің көкпаршылары қатысады. 

"Көкпар бойынша әлем чемпионатын өткіземіз. Бұл керемет оқиға болады. Чемпионатқа АҚШ, Еуропа, Латын Америкасы елдерінің командалары қатысатынын растады. Қазіргі уақытта көкпар Орта Азия аумағынан шығып, басқа елдерде танымал бола бастады. Ауғанстан, Жапония секілді мемлекеттерде қызығушылық үлкен", — деді бүгін баспаөз мәслихатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Бекболат Тілеухан - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бекболат Тілеухан: америкалықтар көкпар тартып, қытайлар аударыспақты мойындады

ЭКСПО кезінде басқа да ұлттық спорт түрлерінен республикалық және халықаралық жарыстар өткізіледі. Жалпы, 14 спорттық іс-шара жоспарланған. Олардың алтауы әлем чемпионаты, екеуі Азия чемпионаты, үшеуі халықаралық жарыс, екеуі президент кубогі және бүкіләлемдік боксшылар кеңесінің  мерейтойлық конвенциясы.

Сондай-ақ Қанат Исламның қатысуымен кәсіби бокс кешін өткізу мәселесі пысықталып жатыр. 

Аталған жарыстардың әрқайсысына 16-90-ға дейінгі мемлекеттердің қатысуы көзделген. Олардың ішінде қазақ күресінен "Әлем барысы" чемпионаты, көкпардан және каратэ шинкиокушинкайдан әлем чемпионаттары, теннистен президент кубогі, көркем гимнастикадан Азия чемпионаты. Мәскеу қаласында 7 шілдеде басталып, 10-14 шілде аралығында Қостанай, Астана, Семей, Ұржар бағыты бойынша өтетін автомотоспорттан «Жібек жолы-2017» халықаралық ралли марафонын ерекше атап өткен жөн. Раллиге әлемнің 50 елінен 1,5 мыңнан астам адам қатысады. 

 

 

Жаңалықтар
0