Спорт

Сондерс пен GGG жекпе-жегі Лондонда өтуі мүмкін

© AP Photo / Frank Franklin IIГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Геннадий Головкин мен британдық Билли Джо Сондерс арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы орташа салмақ дәрежесіндегі абсолют чемпион атанады

АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Британ бокшсысы Билли Джо Сондерс BBC Radio 2 радиосына берген сұхбатында мәлімдегендей, қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жегі Лондонда өтуі мүмкін.

Билли Джо Сондерс - Sputnik Қазақстан
Спорт
Сондерс – GGG: не жекпе-жекке шық, не үніңді өшір

Сондерстің сұхбатында айтылған мәліметке сүйенсек, Головкинге қарсы жекпе-жек Лондон қаласында "О2 Аренасында" 24 маусым күні өтуі мүмкін.

Қазіргі уақытта Головкин мен Сондерс промоутерлері Том Леффлер мен Фрэнк Уоррен келіссөз жүргізуді жалғастыруда. Жекпе-жек келісімшартына келесі аптада қол қойылуы тиіс. Бірақ Сондерс Головкинмен Астанада да жұдырықтасуға дайын екендігін мәлімдеді. 

Жаңалықтар
0