Спорт

Келісім жасалды: Головкин - Сондерс жекпе-жегі шілдеде "Астана Аренада" өтеді

© AP Photo / Rich SchultzГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеңілмейтін қазақстандықтардың жанкүйерлері бірнеше күн бойы тағатсыздана күтіп отыр: чемпиондық белдік үшін жекпе-жек өткізу өтпей қалуы мүмкін еді

АСТАНА,3 сəу — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен британдық боксшы Били Джо Сондерс арасындағы титулды жекпе-жек осы жылдың шілде айында Қазақстанның елордасында өтеді, деді дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықпаев.

"Жекпе-жектің 17 шілдеде  өтетіні белгілі болды. Головкин қолын қойды. "Астана Аренада" ұлыбританиялықпен жұдырықтасады. Сондықтан дайындалыңыздар, ақша жинаңыздар, билеттер арзан болмайды деген ойдамын", — деді Маржықпаев.

Оның атап өтуінше,  екі аптада бәрі анық болады. 

"Кәсіпқой бокс бизнеске айналып кетті ғой. Меніңше, билет бағасы 10-15 мың болады", — деді ол.  


Жаңалықтар
0