10:34 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Геннадий Головкин

Астана әкімдігі Головкиннің жекпе-жегі елордада өтеді деген ақпаратты жоққа шығарды

© AP Photo / Frank Franklin II
Спорт
Қысқа сілтеме алу
51 0 0

Геннадий Головкин мен британдық Сондерс арасындағы жекпе-жек Астанада 17 шілдеде өтеді деп хабарланған.

АСТАНА, 3 сәу – Sputnik. Елорда әкімдігі Головкиннің жекпе-жегін өткізу туралы ақпаратты жоққа шығарды

"Елорда әкімдігі 2017 жылдың 17 шілдесінде Геннадий Головкиннің жекпе-жегі өтетіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Әкімдік аталған шараның ресми ұйымдастырушысы болып табылмайды және аталған бокс кешін өткізу шарттары бойынша ақпараттан хабарсыз", — делінген ресми хабарламада. 

Шындыққа жанаспайтын ақпарат бергені үшін Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаевқа ескерту жасалды.

Бұдан бұрын дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықпаев Геннадий Головкин мен британдық боксшы Били Джо Сондерс арасындағы жекпе-жек 17 шілдеде  өтетіні "Астана Аренада" өтеді деп хабарлаған.


Басты тақырыптар