10:29 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Фируза Шарипова

Боксшы Шарипова жекпе-жек алдында Петербург метросындағы жарылыс құрбандарын еске алды

© Foto: Кадр видео
Спорт
Қысқа сілтеме алу
64 0 0

3 сәуір күні Санкт-Петербург метросында болған жарылыс салдарынан 14 адам қаза тапты

АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Әйелдер кәсіби боксында Қазақстанның намысын қорғап жүрген жалғыз боксшы Фируза Шарипова кезекті жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу кезінде "Скорбим, Санкт-Петербург" деген жазуы бар жейде киіп шықты.

"Бұл туралы жаңалықтардан естідім, жүрегім қан жылады. Қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтқым келеді. Әлбетте, бұл жантүршігерлік жайт, өте өкінішті. Бәріміз де қайғыдан қан жұтып отырмыз. Тіпті сөзбен айтып жеткізу қиын…", — деді Шарипова жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу кезінде.

Шарипованың кезекті бесінші жекпе-жегі 7 сәуірде Мәскеуде өтеді: қазақстандық ару бұған дейін бір рет жеңіліп, үш рет жеңіске жетті. Осы жолы ресейлік Виктория Котовамен жұдырықтастады.

Басты тақырыптар