Спорт

Кәрім Мәсімов Ironman марафонына қатысады

© Photo : primeminister.kzКәрім Мәсімов
Кәрім Мәсімов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан триатлон федерациясының басшысы 3,86 шақырымға жүзіп, 42 шақырымды жүгіріп өтуі тиіс

АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Қазақстан триатлон федерациясының басшысы Кәрім Мәсімов марафонға қатыспақшы. Онымен бірге ресейлік әріптесі Петр Иванов та жүгіреді.

Кәрім Мәсімов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Мәсімов триатлон федерациясын басқарды

"Қазақстанның триатлон федерациясы президенті Кәрім Мәсімовпен бірлесіп жарыстар өткізу, төрешілер мен бапкерлерді даярлаудағы ынтымақтастық туралы ақылдастық. Екеуіміз бірге 3,8-180-42 жарысына қатысуға шешім қабылдадық", — деп жазды Иванов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Осылайша федерация басшылары триатлондағы ең күрделі қашықтықтардың бірі Ironman жарысына қатыспақ. Яғни, 180 шақырымды велосипедпен жүріп өтіп, 3,86 шақырымға суда жүзіп, 42 километр марафонда жүгіреді.

Триатлонның ережесі бойынша, бұз кезеңдердің арасында үзіліс болмауы тиіс.

Жаңалықтар
0