04:07 19 Қазан 2017
Тікелей эфир
Батыр Жүкембаев

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев кәсіби бокста алғашқы белдікке қол жеткізді

© Foto: Vincent Ethier / EOTTM
Спорт
Қысқа сілтеме алу
32 0 0

Қазақстандық боксшы кәсіби рингте өткізген тоғыз жекпе-жегінде сегіз рет нокаут жасаған

АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Жартылай орташа салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Астана уақыты бойынша жұма күні таңертең ІBO International белдігін жеңіп алды.

6 сәуір күні кешке (Астана уақыты бойынша 7 сәуір күні таңертең) Канаданың Монреал қаласында бокс кеші өтіп, Батыр Жүкембаев пен мексикалық Косми Ривера белдік үшін жекпе-жекке шықты.

Жетінші раундта төрешілер жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады. Үшінші раундта 40 жастағы Ривера нокдаунға түсіп қалған болатын, алтыншы раундта тағы да солай қайталанып, ал үшінші нокдауннан кейін қазақ жігітінің соққыларына мүлдем тойтарыс бере алмаған. Төрешілер жекпе-жекті тоқтатып, Жүкембаев техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Батыр Жүкембаев Косми Ривераны жеңді
© Foto: VINCENT ETHIER / EOTTM
Батыр Жүкембаев Косми Ривераны жеңді

Сөйтіп, ІBO International белдігі қазақстандыққа бұйырды.

Осы кештің аясында қазақстандық Абылайхан Құсайынов 61,2 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде мексикалық Кристиан Арразолды екінші раундта нокаутқа түсірген.

Басты тақырыптар