Спорт

Қазақстанның жас хоккейшілері Әлем чемпионатында екінші орынға шықты

CC0 / / Хоккей, шайба
Хоккей, шайба - Sputnik Қазақстан
Жазылу
18 жасқа дейінгі Қазақстан хоккей құрамасы бірінші дивизионның жасөспірімдер әлем чемпионатында үш ойынның екеуін ұтты

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Астана уақыты бойынша дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Германиядан келген құрдастарын 6:2 есебімен жеңді. Бірінші дивизиондағы әлем чемпионаты 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Словенияда өтіп жатыр, дүйсенбі күні бұл жарыстың үшінші туры өтті, оның жеңімпазы үздік дивизионға шығады.

ХК Барыс - Йокерит - 4:3 - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Барыс" ХК алғаш рет Хельсинкиде жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы үшінші турда Германия командасымен кездесті — соңғы периодта 4:0 есебімен ұтып келе жатқан болатын, гол авторлары: Артур Гатиятов, Руслан Демин, Самат Данияр және Айдос Жорабек. Соңғы периодта командалар екі рет гол алмасты — бастапқыда Давид Макуцкий есепті 5:0 етсе, оған Макс Питшманн жауап қатты, ойынның соңына он минут қалғанда қазақстандық Батырлан Мұратов гол салса, төрт минут қалғанда Том-Эрик Бапперт есеп айырымы қысқартты.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы алты ұпаймен чемпионаттың екінші орнында тұр. Ал бірінші орында Франция құрамасы келе жатыр.

Сейсенбі күні 11 сәуірде Қазақстанның жас хоккейшілері Дания құрамасына қарсы шығады. Бейсенбі күні соңғы турда Франциядан келген қарсыластарымен күш сынаспақ.

Жаңалықтар
0