Спорт

Қазақтың боксшы қызы Назым Қызайбай жейделер топтамасын шығарды

Жазылу
Қазақстандық спортшы қыздың жаңа бастамасы туралы оның әріптесі Әділбек Ниязымбетов айтып берді

АСТАНА, 17 сәуір — Sputnik. Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай "NK Team" брендімен жейделер топтамасын шығарды.

Фируза Шарипова - Sputnik Қазақстан
Спорт
Боксшы Шарипова жекпе-жек алдында Петербург метросындағы жарылыс құрбандарын еске алды

"Спорт – денсаулық кепілі демекші, бүгінде, спорт өмірдің ажырамас бөлігі. Салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар физикалық жаттығулар жасаумен қатар, спорттық киімге де назар аударуы тиіс. Айта кететін жайт, бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай жеңіл жейделер топтамасын жұрт назарына ұсынбақ", — деп хабарлады екі дүркін олимипиада күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, жейделер спортшылар мен спорт әуесқойларына арналған. Боксшы атап өткендей, аталмыш жеңіл жейделер спортпен айналысуға ынталандыратын жазулармен, дәйексөздермен безендірілген.

"Осындай жейделер достарыңыз бен жақындарыңыздың көңілінен шығатыны айқын. Сонымен қатар, адамның қызығушылығы мен әуестенуіне байланысты таңдалған жейделер спорт сүйер қауымды ынталандырып қана қоймай, талай белестерді бағындыруға септігін тигізеді!", — деп жазады Әділбек.

Назым Қызайбай — қазақтың боксшы қызы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы.

Жаңалықтар
0