Спорт

"Манчестер Юнайтед" алғаш рет Еуропа Лигасы Кубогының жеңімпазы атанды

© REUTERS / Michael Dalder Livepic"Манчестер Юнайтед"
Манчестер Юнайтед - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Чемпиондар лигасын үш рет жеңген манкуниандықтар Еуропа Лигасы Кубогын иеленді

АСТАНА, 25 мамыр — Sputnik. "Манчестер Юнайтед" футбол клубы финалдық ойында голландиялық "Аякс" командасын ұтып, алғаш рет Еуропа Лигасы Кубогын иеленді, деп хабарлайды Р-Спорт.

Еуропа Лигасының финалы сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні (Астана уақыты бойынша) Стокгольм қаласында өтіп, 2:0 есебімен "Манчестер Юнайтедтің" пайдасына шешілді. Гол соққандар: Поль Погба мен Генрих Мхитарян.

Англия чемпионаты қорытындысы бойынша "Юнайтед" алтыншы орын иеленіп, Чемпиондар Лигасына өтпей қалған еді. Енді Еуропа Лигасы Кубогын ұтқаннан кейін команда Чемпиондар Лигасына "жолдама" алды.

Жаңалықтар
0