Спорт

Қанат Исламның кәсіби рингтегі атағы арта түсті

Жазылу
Бірінші орташа салмақ дәрежесінде кәсіби рингке шығып жүрген қазақ боксшысын әлі ешкім жеңіп көрген емес

АСТАНА, 27 мамыр — Sputnik. Қазақ кәсіби боксшысы Қанат Ислам Астана уақытымен сенбі күні таңертең мексикалық Ноберто Гонсалесті жеңді. Америкалық Бока Ратон қаласында өткен титулдық жекпе-жек әділқазылар шешімімен Қанаттың пайдасына шешілді.

Ислам мен Гонсалестің жекпе-жегі екі титул үшін өткізілген еді — WBO NABO және WBA Inter-Continental.

Сонымен, Қанат Ислам кәсіби рингке 24 рет шығып, 24 рет жеңіске жетті, олардың 19-ында қарсыласын нокаут жасаған.

Жаңалықтар
0