Спорт

Бейбіт Шүменов WBA чемпиондық белдігінен айырылып қалды

© AP Photo / Eric GayБейбіт Шүменов
Бейбіт Шүменов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған себеп Шүменовтің мансабын аяқтауы болуы мүмкін

АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Әлемдік бокс ассоциациясының жаңартылған рейтингінде бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық Бейбіт Шүменовтың атағы кубалық Юниер Дортикосқа тиесілі болды, деп жазады Sports.kz.

Бокс. - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қанат Ислам кәсіби рингте 23-ші жеңісіне жетті

Шүменов пен Дортикос жекпе-жегі сәуірде болуы тиіс еді, алайда қазақстандық жаттығу кезінде көзін жарақаттап алып, кездесуді кейінге қалдыруға тура келді. Осылайша, WBA чемпиондық белдігі ұйымның уақытша чемпионы атанған кубалық Юниер Дортикусқа берілді.

TalkSport.com тілшісі Майкл Бенсонның хабарлауынша, Шүменовтің мансабын аяқтағысы келуі осыған себеп болған екен. Бенсонның сөзіне сүйенсек, бұл туралы қазақстандық WBA президенті Хильберто Мендосаға айтыпты.

Жаңалықтар
0