Спорт

Конфедерация кубогында Мексика және Жаңа Зеландия футболшылары төбелесіп қалды

© Антон Денисов / Медиабанкке өтуМекиска-Жаңа Зеландия
Мекиска-Жаңа Зеландия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мексика және Жаңа Зеландия құрамаларының арасындағы қақтығыс салдарынан төреші ойынды тоқтатып, видеоны қарап шығуға мәжбүр болды

АСТАНА, 22 маусым — Sputnik. Мексика және Жаңа Зеландия құрамаларының арасындағы қақтығыс салдарынан төреші ойынды тоқтатып, видеоны қарап шығуға мәжбүр болды, деп жазады Р-Спорт.

Оқиға екінші таймның қосымша уақытында болған. Мексикалық Диего Рейес қарсыластардың шабуылын ереже бұзып тоқтатып, салдарынан футболшылар арасында төбелес шыққан. Төреші видеоны көріп шыққан соң, Рейес пен жаңазеландиялық Майк Боксвелге сары қағаз көрсетті.

А тобының екінші турының кездесуі Сочидегі "Фишт" стадионында өтіп, 2:1 есебімен Мексика құрамасының пайдасына шешілді.

Жаңалықтар
0