Спорт

Германия екінші құрамымен Конфедерация кубогін жеңіп алды

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуКонфедерация кубогі-2017
Конфедерация кубогі-2017 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдегі турнирде бундес-тим орта жасы 24 жастан шамалы асты

АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Германияның футбол құрамасы жексенбіде Ресейдегі Конфедерация кубогінің жеңімпазы болды. 

Финалда турнирге жартылай жастар құрамын (бундес-тим ойыншыларының орташа жасы 24 жастан енді асқан) шығарған неміс командасы Оңтүстік Америка чемпионы Чили құрамасын 1:0 есебімен жеңді. 

Чилиліктер матчтың басым бөлігінде басымдық көрсетіп, ойынның 20-шы минутында есеп ашуға тиіс болатын. Алайда Алексис Санчес бос қақпаға допты сала алмай қалды. 

Дегенмен "Барселонаның" бұрынғы ойыншысы және "Арсеналдың" қазіргі шабуылшысы бұл сыйды пайдалана алмады. Осы жерде бірден сен соқпасаң — саған соғады деген футбол ережесі іске қосылды. Жауапты шабуылда Тимо Вернер чилилік оппоненттен допты алып қойып Ларс Штиндльді бос қақпаға шығарды. 

Допты қақпаларына кіргізіп қойғаннан кейін чилиліктердің сағы түсіп қалып, үзілістен кейін ғана күш-жігірлерін жинап алды. 


Жаңалықтар
0