Спорт

Головкиннің бапкері "Канеломен" жекпе-жекте тосын сый уәде етті

© AP Photo / Kathy WillensСауль "Канело" Альварес
Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Геннадий Головкиннің бапкері қазақстандықтың "жасына байланысты әлсіреді" деп санайтындарға үлкен тосын сый уәде етеді

АСТАНА, 9 шілде — Sputnik. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикандық Саул Альвареспен жекпе-жектің қандай болуы мүмкін екендігімен бөлісіп, осы жекпе-жекте үлкен тосын сый уәде етті, деп хабарлайды sports.kz. порталы. 

"Головкиннің жасына байланысты әлсіреді деп санайтындар бар, дәлел ретінде оның соңғы Джейкобспен жекпе-жегін мысал етеді. Не дейін, 16 қыркүйекте оларды үлкен тосын сый күтеді! Иә, "Канело" бокстан шеберлігін арттырды, бірақ мен одан үлкен нокаутшыны көріп тұрған жоқпын", — деді Санчес ESPN Deportes сұхбат барысында. 

Бапкердің сөзіне қарағанда, ол қызықты жекпе-жек күтеді, өйткені екі боксшының да стилі соған келеді. 


Жаңалықтар
0