Спорт

"Астана" ФК-ның Чемпиондар лигасындағы келесі іріктеу кезеңге өтуге мүмкіндігі зор

Жазылу
"Астана" және "Спартак" футбол командалары 12 және 19 шілдеде Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің үшінші раундына жолдама алуға таласады

АСТАНА, 12 шілде  – Sputnik. Футболдан Қазақстан чемпионы — "Астана" ФК-ның бас бапкері Сатнимир Стойловтың пікірінше, оның командасы Юрмала қаласының "Спартак" командасына қарсы матчта басымдықтарын дәлелдеп шығуы тиіс.

Футбол федерациясы қазақстандықтарды ел құрамасына жанкүйер болуға шақырады - Sputnik Қазақстан
Футбол федерациясы қазақстандықтарды ел құрамасына жанкүйер болуға шақырады

"Астана" мен "Спартак"  Чемпиондар лигасының екінші іріктеу раундында кездеспек, бірінші матч сәрсенбі 12 шілде күні Юрмалада өтеді. Қарымта матч бір аптадан соң Қазақстан елордасында 19 шілдеде ойналады.  

"Ертең қызық матч болайын деп тұр. Біздің команда жоғары деңгейде ойын көрсетеді деп ойлаймын. Көпшілік бізді мықтырақ деп санайды, соны алаңда дәлелдеуге тиіспіз. Ойынға дейін бәрі де тең… фаворит тек қағаз жүзінде фаворит", — деді Стойлов Юрмалада сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.

"Спартак" командасының бас бапкері Марек Зуб "Астана" клубының айқын басымдығын мойындағанымен, шәкірттерінің барын салып қарсыласатынын атап өтті. 

Жаңалықтар
0