Спорт

Жанқош Тұраровтың Астанада өтетін жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды

© Photo : Жанқош Тұраровтың әлеуметтік желідегі парақшасынанҚазақстандық боксшы Жанқош Тұраров
Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жекпе-жек 10 раудқа жоспарланып отыр

АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. 9 қыркүйек күні Астана қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығатын қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы Qazaq promotions компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық боксшының қарсыласы аргентиналық Бруно Леонардо Ромэ болады. Ол кәсіпқой бокс шаршы алаңында 25 кездесу өткізіп, 21 жекпе-жекте жеңіске жеткен. Соңғы рет 29 жастағы аргентинкалық боксшы шаршы алаңға 14 мамыр күні шығып, отандасы Алехандро Кухорскиді нокаутпен жеңді. 

Жанқош Тұраров болса кәсіпқой бокста 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 15 кездесуінде отандасымыз қарсыласын нокаутқа түсірген. 

 

 


Жаңалықтар
0