Спорт

Нью-Йорктың ең мықты полицейі Димаштың Астанада кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

© Photo : Димаш Ниязовтың әлеуметтік желідегі парақшасынан алындыАҚШ-та тұратын отандасымыз, боксшы Димаш Ниязов
АҚШ-та тұратын отандасымыз, боксшы Димаш Ниязов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ-та тұратын отандасымыз тұңғыш рет туған жерінде жекпе-жек өткізеді

АСТАНА, 3 тамыз — Sputnik. Астанада 9 қыркүйекте өтетін бокс кешінде Нью-Йорктың ең мықты полицейі атанған Димаш Ниязовтың кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды vesti.kz Qazaq promotions компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров - Sputnik Қазақстан
Спорт
Жанқош Тұраровтың Астанада өтетін жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды

"Отандасымыздың қарсыласы угандалық Чарлес Мулиндва болады, оның есебінде 12 жеңіс бар, 3 рет жеңілген және бір рет қарсыласымен тең түскен", — дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Мулиндва үш жеңілісінің екеуінде ресейлік боксшылар Висхан Мурзабеков мен Манвел Сарксянға есе жіберген. Үшінші рет төрешілердің даулы шешімімен отандасы Ричард Ндифаннан жеңілген. Соңғы рет 29 жастағы боксшы тағы бір отандасы Сулу Катумбамен жұдырықтасып, оны нокаутқа түсірген.

Димаш Ниязов 11 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Боксшы енді өзінің 12-ші жекпе-жегін тарихи отанында өткізеді, бұл оның Қазақстанда тұңғыш рет жұдырықтасуы. Себебі, Ниязов 13 жасында АҚШ-қа көшкен. Алайда ол бокспен Шымкентте шұғылдана бастаған. 

Еске сала кетсек, Астанадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат "QAZAQ" Ислам (24-0, 19 КО) өз белбеулерін канадалық Брэндон Кукқа (18-0, 11 КО) қарсы өтетін жекпе-жекте қорғайды.

 

 

Жаңалықтар
0