21:08 20 Қаңтар 2018
Тікелей эфир
Қанат Ислам

Қанат Ислам қарсыласының неге ауысқанын түсіндірді

© Sputnik / Болат Шайхинов
Спорт
Қысқа сілтеме алу
136 0 0

Қанат Ислам канадалық боксшы Брэндон Кукпен жекпе-жекке дайындалып жатыр

АСТАНА, 4 тамыз— Sputnik. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам бұған дейін жарияланған америкалық қарсыласы Джеймс Кирклендке қатысты жағдай және күзде Астанада канадалық Брэндон Кукпен өтетін жекпе-жек алдындағы соңғы дайындық туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

АҚШ-та тұратын отандасымыз, боксшы Димаш Ниязов
© Foto: Димаш Ниязовтың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

"Киркленд туралы айтар болсам, ол өз келісімін берген жоқ. Мүмкін, болашақта шаршы алаңда кездесетін шығармыз. Біз өз тарапымыздан, барлық талаптарды орындайтынымызды айттық. Бірақ оның менеджерлері мен промоутері байланысқа шықпады", — деді БАҚ өкілдеріне Астанаға келген Қанат Ислам. 

Алматыдан Астанаға келген боксшы тауда бас бапкер Мырзағали Айтжановтың жетекшілігімен әлем чемпионатына дайындалып жатқан Қазақстан құрамасымен бірге жаттыққанын айтты. 

  • Қанат Ислам Астанаға келді
    Қанат Ислам Астанаға келді
    © Sputnik / Болат Шайхинов
  • Қанат Ислам Астанаға келді
    Қанат Ислам Астанаға келді
    © Sputnik / Болат Шайхинов
  • Қанат Ислам Астанаға келді
    Қанат Ислам Астанаға келді
    © Sputnik / Болат Шайхинов
  • Қанат Ислам Астанаға келді
    Қанат Ислам Астанаға келді
    © Sputnik / Болат Шайхинов
1 / 4
© Sputnik / Болат Шайхинов
Қанат Ислам Астанаға келді

"Бар нәтижені шаршы алаңда көреміз. Астанада осында үлкен және жауапты бокс кешін өткізетінімізге қуаныштымыз. Менің қарсыласым мен сияқты бұған дейін жеңіліп көрмеген боксшы. Қарсыластарды әлсіз немесе жеңіл деп санауға болмайды, бәріне қажымай дайындалу керек", — дейді Ислам. 

Қанат Ислам канадалық боксшымен өтетін жекпе–жек НВО-ға шығуға мүмкіндік екенін атап өтті. Бұдан бөлек, әлемдік бокста өз орнын алуға да зор мүмкіндік болмақ.

"Астанада жаттығу базасы бар, өз командаммен келдім. Ертең менің спарринг-серіктестерім келеді. Ақтық дайындық негізінен спаррингтерге бағытталатын болады. Бокста бірінші раундан соңғы раундқа дейін не болатынын болжап білуге болмайды, сондықтан мен барлық 12 раундқа дайындалып жатырмын. Барлық күш-жігерімді саламын. Әрине, өз туған жеріңде, әрі жанкүйерлеріңнің алдында бұл оңай емес. Мен үшін бұл үлкен сабақ болады, өйткені мұндай сыннан да өту керек", — деді Қанат Ислам. 

Бұған дейін маусым айының соңында Қанат Исламның командасы америкалық боксшы Джеймс Кирклендпен келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланған болатын. Кейін шілде айында Астанадағы бокс кешінде қазақстандық боксшының шаршы алаңда бірде-бір жекпе-жекте жеңіліп көрмеген Брэндона Кукпен кездесетіні белгілі болды. 

Еске сала кетсек, Астанада ЭКСПО көрмесі аясында бокс кеші 9 қыркүйекте өтеді. 

 

 

Басты тақырыптар