Спорт

Астанаға "Селтик" келеді

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өту"Селтик" ойыншылары
Селтик ойыншылары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шотландтар 2013 жылы ЧЛ квалификациясы плэй-офф аясында Қазақстанның елордасында қарағандылық "Шахтерден" жеңілісін алаң қожайындардың құрбандығымен түсіндірген

АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Еуразиялық футбол ассоциациясы (УЕФА) одағының штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасы квалификациясы плэй-офф раундының жеребесі өтіп, "Астана" футбол клубының қарсыласы шотландиялық "Селтик" болды. 

Астана футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Стойлов: мен "Астанадан" кетпеймін

Бас еуропалық турнирі іріктеуінің финалдық раундының алғашқы матчы 16немесе 17 тамызда Глазгода өтеді. Жауапты ойын ағымдағы жылдың 22 немесе 23 тамызында Астанада өтеді. Осы қарсы тұрулардың жеңімпазы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алады. Жеңілген команда Еуропа лигасының топтарының біріне кетеді. 

"Селтикті" "Астана" жақсы біледі. Өткен жылы бұл командалар ЧЛ үшінші раундында кездескен. Ол кезде шотландықтар басым түсті: Қазақстан елордасында 1:1 есебімен тең түскеннен кейін Глазгода өткен жауапты мачта шотландықтар 2:1 есебімен басым түсті. 

Астана - Легия матчы - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Легияның" Еуропа Лигасына бару ниеті жоқ

Бұған дейін 2013-14 жылдардағы еуромаусымда бас еурокубок квалификациясы плэй-оффына "Селтик" қарағандылық "Шахтермен" кездескен. Астанада өткен алғашқы матч 2:0 есебімен қарағандылықтардың жеңісімен аяқталған. 

Шотландық команданың ойыншылары "Астана-Арена" стадионында "Шахтер" матч алдындағы жаттығу кезінде мал сойғандарына есеңгіреп қалғандарына шағымданған. Шотландықтардың мәлімдеуінше қанның іздері ойын алдында жасанды газонда қалып қойған. 


Жаңалықтар
0