Спорт

Тобығынан су кешкен қазақстандық футболшылар шетелдіктерді таңғалдырды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуФутбол
Футбол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңбыр суы басып қалған алаңдағы бұрыштама соққысы қазақстандық спортшылардың тапқырлығын көрсетті

АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. Қазақстандық футбол матчындағы бұрыштама соққысының видеосы шетелдік футбол сүйер қауымды таңғалдырды. Бейнеролик Fаcebook желісіндегі World Soccer тобында пайда болған.

Алаңның бұрышына тобықтан аса су жиналып қалған. Бұрыштама соққысын жасау керек кезде, футболшы сәл кідіріп, судьяның айтуымен бұрышқа беттеді. Бірақ туға жақындай кеткен спортшы тағы да сенімсіздік танытты. Ысқырық берілген соң суда қалқып тұрған допты қолымен алып, әріптесіне лақтырады.

Алайда судья бұрыштама соққысын қайта тебуге белгі берді. Екінші футболшы анағұрлым тапқыр екен.  Ол әріптесіне допты аяғының ұшымен іліп, пас берді. Ал әлгі футболшы допты бар пәрменімен теуіп қалды. 

Видео 19 маусымда жарияланған. Қазір де оны екі миллионнан астам адам тамашалапты, мыңнан аса лайк жинаған, әртүрлі тілде ондаған пікір қалдырылған. 

Жаңалықтар
0