Спорт

Головкин басым болса да, бәрібір жеңісті "Канелоға" береді - Қуат Найман

© REUTERS / Henry Browne LivepicГоловкин мен Канело
Головкин мен Канело - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық спортшы алдағы кездесуге болжамын жасады

АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Ережесіз жекпе-жекте ел намысын қорғайтын Қуат "Найман" Хамитов Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында өтетін кездесу туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz.  

"МакГрегор — Мейвезер арасындағы кездесудің ерте өтетініне байланысты Головкин мен Альварес арасындағы кездесу шамалы көлеңкеде қалып қойды. Шоу жағынан жанкүйер жинау жағынан артта. Сондықтан да ММА жұлдызы мен әлемнің үздік боксшысы арасындағы кездесудің жанкүйерлері көп болады деп ойлаймын", — дейді Хамитов. 

Головкин мен Канело - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин мен "Канелоның" допинг сынамасының қорытындысы жарияланды

Оның айтуынша, жекпе-жек 12 раундқа созылады. 

"Головкин — біздің отандасымыз. Әрине жекпе-жекті тамашалаймыз. Тілеуін де тілейміз. Екі боксшы да нокдаун, нокаутпен жеңіске жетеміз деп жатыр. Менің ойымша, бұлай болмайды. Екі боксшы да осыған дейін 12 раундтық жекпе-жектен өткізді. Бірақ Альвареске қарағанда Головкиннің қарсыласы қиындау болды. Сол үшін алдағы кездесу де 12 раундқа созылады деп ойлаймын", — дейді ол. 

Спортшының пікірінше, Головкинге ұпай саны бойынша жеңіске жету қиын болады. Ол үшін Альваресті кемінде екі рет нокдаунға түсіруі керек.

"Екі боксшының да соққысы мықты. Рингті жақсы сезініп, еркін қимылдайды. Дегенмен де Альварес Головкинге қарағанда шапшаңдау. Шеберлігі де арты түсті. Бізді қызық жекпе-жек күтіп тұр. Головкинге ұпай саны бойынша жеңіске жету қиын болады. Өйткені, бұл бокс кешін "Канелоның" командасы ұйымдастырып жатыр. Егер тіпті Головкин жекпе-жек кезінде басым болса да, бәрібір жеңісті мексикалық боксшыға береді. Головкин ұпай саны бойынша жеңіске жету үшін Альваресті кемінде екі рет нокдаунға түсіруі керек. Бірінші рет алтыншы раундқа дейін, екінші рет алтыншы раундтан кейін", — дейді Қуат Найман. 

"Головкиннің денесі ірі әрі тәжірибесі молырақ. Сондықтан Головкин нокаутпен жеңіске жетуі ықтимал. Ол қалай да жеңіске жетуі керек", — дейді Хамитов. 

Еске салайық, екі боксшы арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында өтеді. 

 

Жаңалықтар
0