01:38 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Фируза Шарипова

Фируза Шәріпова: чемпиондық атаққа туған жерімде таласу мен үшін үлкен құрмет

© Sputnik / Айгюзель Кадир
Спорт
Қысқа сілтеме алу
30 0 0

Фируза Шәріпова 26 тамыздағы жекпе-жегін EXPO-2017 аясында Астанада өткізеді

АСТАНА, 21 тамыз — Sputnik. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова 26 тамызда WIBA және WBU тұжырымдары бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағына таласатын болады. Боксшы қыздың айтуынша, екі бірдей чемпиондық атаққа таласуға ол толыққанды дайын. 

"Кеше Отаныма ұшып келдім. 26 тамызда өтетін жекпе-жекке толық дайынмын. Екі белбеу тартысқа түсейін деп отыр. Қарсыласым осал емес. Мен үшін әлем чемпионы атағына туған жерімде күресу үлкен құрмет", — деді Фируза Шәріпова Астанада өткен баспасөз мәслихатында.  

Боксшы қарсыласын жеңу үшін қандай айла-амалдарға жүгінетінін құпия сақтауды жөн көретінін айтты.

"Барлық құпияны ашпаймын, бәрін рингте көресіздер. Біз бұл жекпе-жекке кезең-кезеңмен жеттік. Қазіргі уақытта менің дайындығым өте жоғары деңгейде, денсаулығым жақсы. Мен Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы болу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын", — деді ол. 

Фирузаның менеджері Сергей Завилейский атап өткендей, бұл бокс кеші Қазақстан үшін тарихи оқиға болмақ. 

"Бірінші кәсіпқой боксшы қыз алғаш рет әлем чемпионы атағына таласады және біреу емес, бірден екі белбеу тартысқа түседі. Сондай-ақ кеш өте қызық, тартысты болады. Бізге жақсы алаң ұсынылып отыр. Жекпе-жекті тікелей эфирде көп телеарна көрсетеді. Бұл кешті керемет өткіземіз деген сенімдемін", — деді ол.

Айта кетейік, 26 тамызда Фируза Шәріпова болгариялық боксшы Милены Колевамен жұдырықтасады.  22 жастағы қазақстандық боксшы қыз Халықаралық әйелдер боксының қауымдастығы (WIBA) және Бүкіләлемдік бокс одағының (WBU) жеңіл салмақтағы чемпиондығы үшін таласатын болады. Бұл кездесу бокс кешіндегі басты оқиға болмақ.

Бокс кеші EXPO-2017 аумағында амфитеатрда өтеді. Бокс сүйер қауым көрме билеттері арқылы кіріп, жекпе-жекті тамашалай алады.

Загрузка...

Басты тақырып