Спорт

Геннадий Головкин екінші рет әке атанбақ

© AP Photo / John LocherГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Геннадий Головкиннің екінші баласы АҚШ-та дүниеге келеді

АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин екінші рет әке атанбақ, деп хабарлайды vesti.kz сайты L'Equipe француз газетіне сілтеме жасап.

"АҚШ-та ағам Максим үнемі қасымда, өйткені ол команда мүшесі әрі бапкерлердің бірі. Әйелім мен балам да жанымда, ұлым америкалық мектепте оқып, бізді қуантып жүр. Әйелімнің аяғы ауыр. Екінші сәбиімізді күтіп жүрміз. Ол осында АҚШ-та дүниеге келеді", — деді Головкин газетке берген сұхбатында.

Қыркүйек айында Головкин мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасады, жекпе-жек Лас-Вегаста болмақ. Қазірдің өзінде барлық билет сатылып кеткен.

Жаңалықтар
0