Спорт

Қазақстандық Қайрат Ералиев бокстан Әлем чемпионы атанды

© Photo : Казахстанская федерация боксаҚайрат Ералиев
Қайрат Ералиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы Гамбергте өткен әлем чемпионатында американдық Дюк Раганды жеңді

АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі: "Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев Гамбургте өткен Әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті", — деп хабарлайды 

Алтын медалға күрес барысында 56 келіге дейінгі салмақ көрсеткішіндегі Қайраттың қарсыласы американдық Дюк Раган болды. Ералиев бірден басымдылық көрсетіп, үш раунд бойы алаңдағы күресті өз қолында ұстады. Жекпе-жекті 3:2 есебімен жеңіп шықты. 

Ералиев марапаттау сәтінде берген сұхбат кезінде: "Мені қолдап, жанкүйерлік білдірген халқымызға алғыс айтамын. Барша мұсылман халқын Қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын. Барлық жерлестеріме жақсылық пен денсаулық тілеймін! Қазақстанның көк туы бұдан ары да әлемдік ареналарда жоғары көтеріле берсін!",- деді.

Сондай-ақ ол, қазақстандық атлеттердің жетістіктері ең алдымен қажымас еңбек пен мемлекетіміздің спортшыларға көрсеткен қолдауының арқасында орын алатынын атап өтті.  

© Photo : Казахстанская федерация боксаҚайрат Ералиев бокстан Гамбургтегі Әлем чемпионатында Дюк Раганды жеңді
Қайрат Ералиев  бокстан Гамбургтегі Әлем чемпионатында Дюк Раганды жеңді  - Sputnik Қазақстан
Қайрат Ералиев бокстан Гамбургтегі Әлем чемпионатында Дюк Раганды жеңді

 

Жаңалықтар
0