Спорт

Футболдан ӘЧ-2018: билетті қайдан және қалай алуға болады?

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуФутбол.
Футбол. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2018 жылы Ресейде футболдан өтетін Әлем чемпионатына арналған билеттердің сатылымы 14 қыркүйектен басталады.

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Бейсенбі күні сағат 15:00 (12:00 мск) 2018 жылы Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатына арналған билеттердің сатылымы ресми түрде басталады, деп жазады FIFA сайты

 ӘЧ 2018 жылы 14 маусымнан басталып 15 шілдеге дейін Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Волгоград, Калининград, Қазан, Нижний Новгород, Самара, Саран, Ростов на Дону, Екатеринбург және Сочи қалаларында өтеді.

Билеттерді қайдан алуға болады?

Билеттердің сатылымы тек қана халықаралық футбол федерацияның сайты FIFA.com/bilet арқылы жүзеге асырылады. 


Билеттердің бағасы

ӘЧ арналған ең арзан билеттер Ресей резиденттеріне арналады. Олардың бағасы 6,5 мың теңгеден басталады.

Финал ойындары билетінің бағасы ең қымбат болып табылады. Оның бағасы 375 мың теңге (1100 доллар) болады.

Матчтың ашылуы кезінде жақсы орындардың билеті 187 мың теңге (550 доллар), жартылай финал билеттері — 255 мың теңге (750 доллар) тұрады.

Үшінші санаттағы билеттер 75 мың теңге (220 доллар) және 155 мың теңге (455 доллар) болады.


Жаңалықтар
0