Спорт

GGG - Канело: жеңіс ешкімге бұйырмады

© AP Photo / John LocherГоловкин-Альварес жекпе-жегі
Головкин-Альварес жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
17 қыркүйек күнгі жекпе-жекке қазақстандық боксшының төрт чемпиондық белдігінің барлығы қойылды

АСТАНА, 17 қыркүйек— Sputnik. Орта салмақтағы бес кәсіби ұйымның төртеуі бойынша әлем чемпионы Генадий Головкин және оның мексикандық қарсыласы Сауль "Канело" Альварес арасында жексенбі күні Лас-Вегаста болған жекпе-жек тең аяқталды. 

Жекпе-жекке Головкиннің орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO чемпион титулдары қойылып, боксшы оларды тағы да қорғап қалды. Канело болса, жекпе-жекке  The Ring журналының титулын қойды. Оған қоса, жекпе-жек барысында желіоік әлем чемпионы дәрежесі ойнатылды. 

Американдық Лас-Вегастағы 20-мыңдық T-Mobile аренасында болған жекпе-жек кезінде барлығы 12 раунд орын алды. Ең басынан GGG жекпе-жектегі бастаманы өз қолына алды, ал "Канело" болса көп ретте қарсы шабуыл жасап отырды. 

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы: шетелге іссапармен аттансам да, Головкиннің жекпе-жегін көремін

10 раундтың соңына қарай екі боксшы да шаршаңқырап қалды. Алайда жасы кіші Альварес бұл жолғы жекпе-жекте белсенді көрініп, есеп теңестірді. Нәтижесінде төрешілердің бірі өз дауысын мексикандық боксшыға берсе, екіншісі — Головкинге, ал үшінші төреші болса, жекпе-жек тең түсті деп жариялады. 

 


Жаңалықтар
0