Спорт

Елбасы қазақстандық теннисшілерді Davis Cup әлемдік тобына шығуымен құттықтады

© AFP 2024 / RAUL ARBOLEDA Дэвис кубогі
Дэвис кубогі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның теннистен ерлер құрамасына құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА, 18  қыркүйек  – Sputnik. Мемлекет басшысы Қазақстанның теннистен ерлер құрамасын Дэвис Кубогінің қазіргі чемпионымен ойында жеңіске жетуімен және осы үздік турнирдің әлемдік тобына өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Юлия Путинцева - Sputnik Қазақстан
Спорт
Путинцева Қазақстанның бірінші ракеткасы атағын қайтарып алды

"Сіздердің мықты қарсыласпен бәсекеде табандылықпен жеткен жарқын жеңістеріңіз еліміздің спорт жылнамасындағы айтулы жетістік болып отыр. Қайсарлық пен қайрат-жігерлеріңіздің арқасында Қазақстан теннис мектебінің жоғары деңгейде екенін тағы да бір таныттыңыздар", – делінген жеделхатта.

Соңында Елбасы құрама мүшелеріне зор денсаулық тілеп, спорттың жаңа  белестерінде табысқа жетулеріне ниеттестік білдірді.

Жаңалықтар
0