12:10 21 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD346.68
  • EUR404.02
  • RUB5.47
Бокстан жекпе-жек

Төрешіні соққыға жыққан боксшы мен бапкер шеттетілді

© Sputnik /
Спорт
Қысқа сілтеме алу
19 0 0

Қазақстандық бокс федерациясы, төрешіні соққыға жығу оқиғасы жазасын қалмайтынын айтты

АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Боксшы Рахат Маржықпаев және оның бапкері Ерік Маржықпаев Қазақстандық бокс федерациясы турнирі кезінде төрешіні соққыға жықты. Ендігі кезде олардың екеуі де жарысқа қатысу құқығынан айырылады, деп хабарлады бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Федерация мәліметтеріне сәйкес, Рахат Маржықпаев турнир кезінде Астананың атынан шыққан және ¼ финал жекпе-жегінің кезінде жеңіс оның қарсыласы Аман Қазанғаповқа берілді. Бұл шешім оның бапкерінің көңілінен шықпаған сыңайлы. Ерік Маржықпаев төрешіге жақындап, оның басы мен ішіне бірнеше соққы бағыттайды. Төреші Амангелді Ақшолақов оған қарсы жауап береді. Өзінің бапкеріне көмек көрсету үшін жеңілген спортшы да келіп, төрешіге бірнеше соққы жасайды.

"Шыны керек, мен мұндайды күтпедім. Менің тәжірибемде бұл алғаш рет болып отыр, — деді Ақшолақов. Бұл жанжалдың басты себебі, бапкер өзінің үйретушісінің екінші нокдаун кезін көрмей қалып, спортшының жеңілуін әділетсіз деп ойлаған. Бірақ кейіннен бапкер маған келіп кешірім сұрады. Адам ретінде мен оны түсінемін, бірақ, мұндай әрекеттер жазасыз қалмауы керек", — деп есептейді төреші Амангелді Ақшолақов.

Қазақстандық бокс федерациясының өкілі, Қазақстандағы жарыстардың координаторы Болат Әбдірахманов оқиғаны жан-жақты тексеруге уәде берді. 

"Бапкер де, спортшы да дисквалификацияланады. Оларды жарыстардан аластату мерзімі нақтылау туралы шешімді бапкерлер кеңесі және атқарушы комитет бюросы шешеді. Дегенмен, басқаларға сабақ боларлық жаза тағайындалатыны анық болып отыр"— деп хабарлады ол.

Басты тақырыптар