Спорт

Францияда көрермендердің трибунадан құлауы салдарынан матч болмай қалды

© AFP 2024 / Francois Lo PrestiФутбольные болельщики упали с трибуны во время матча между "Амьеном" и "Лиллем"
Футбольные болельщики упали с трибуны во время матча между Амьеном и Лиллем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кем дегенде 29 адам зардап шеккен

АСТАНА, 1 қазан — Sputnik. Францияның футбол чемпионаты жоғары дивизонының сегізінші турында  "Амьен" мен "Лилль" арасындағы матч көрермендердің трибунадан құлап кетуі салдарынан болмай қалды.

Доп - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қырғызстан-Мьянма футбол матчы теракт қаупіне байланысты кейінге қалдырылды

 15-ші минутта қонақтардың қорғаушысы Фоде Балло "Амьен" қақпасына гол соққан болатын. Қонақтардың жанкүйерлері голды тойлаймыз деп, металл тордан жасалған қоршауға жармасып, сындырып жіберген. Салдарынан фанаттар бірінің үстіне бірі құлайды.

Соған байланысты кездесудің бас төрешісі Тома Леонар ойынды 16-шы минутта тоқтатып, кейін мүлдем болдырмай тасады. Қазіргі мәлімет бойынша жиырма тоғыз адам зардап шеккен.

Жаңалықтар
0