Спорт

Иван Дычко кәсіби бокста екінші рет жеңіске жетті

© REUTERS/Peter CziborraҚазақстандық боксшы Иван Дычко
Қазақстандық боксшы Иван Дычко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық спортшы қыркүйек айында кәсіби рингте алғаш рет өнер көрсеткен болатын

АСТАНА, 14 қазан — Sputnik.  Астана уақыты бойынша сенбі күні таңертең азақстандық боксшы Иван Дычко кәсіби рингте екінші жеңіске қол жеткізді. Ол кезекті жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтады. Бұл жолы 91 келіден жоғары салмақтағы кәсіби рингтегі Дычконың қарсыласы американдық Родригес Кейдж болды. Жекпе-жек  All Stars промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өткізілді. Төрт раундқа жоспарланған жекпе-жекті жерлесіміз өз қарсыласын нокаутқа жіберіп уақытынан бұрын, үшінші раундта аяқтап, жеңіске жетті. 


Жаңалықтар
0