Спорт

Атақты футболшы журналистермен кездесу кезінде жылап жіберді

© Sputnik / Болат ШайхиновФутбол
Футбол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баспасөз мәслихаты Жапония командасымен өткен жолдастық мачтан кейін болды

АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар журналистермен кездесу кезінде көзіне жас алды, деп хабарлайды lenta.ru. Видео Canal Football Club-тың фейсбуктегі аккаунтында жарияланды. 

Баспасөз мәслихаты Жапония командасымен өткен жолдастық мачтан кейін ұйымдастырылды.

Бразилиялықтардың бас бапкері Тите Неймармен болған жанжал туралы қауесетті жоққа шығарып, оны жүрегі кең адам деп атады. Осы кезде Неймардың көңілі босап, көзіне жас алды, кейін ол залдан шығып кетті.

Бразилия құрамасы Жапония командасын 3:1 есебімен жеңді. Неймар он бір метрлік қашықтықтан гол соқты.

Жаңалықтар
0