06:05 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
Илья Ильин

Илья Ильин 2020 жылғы Олимпиадаға қатысуы мүмкін

© Sputnik / Саид Царнаев
Спорт
Қысқа сілтеме алу
174 0 0

Қазақстандық ауыр атлет спорттан қашанға дейін шеттетілуі мүмкін екені белгілі болды

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафин 2008 және 2012 жылдардағы жазғы Олимпиада ойындарына қатысу кезінде қанында тыйым салынған препараттар болғаны анықталған  ауыр атлет Илья Ильин спорттан қашанға дейін шеттетілуі мүмкін екенін айтты, деп жазды Sports.kz

«Бұған дейін өткен Майя Манеза, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Илья Ильиннің ісіне қатысты тыңдауларға қатыстым. Шешім шығару процесіне кем дегенде бір ай уақыт кетеді. Келесі аптада шешім шығады деп ешкім айта алмайды. Меніңше, кейінірек белгілі болады», — деді Омар Мұстафин.    

Ол Илья Ильин келесі Олимпиадаға жіберілуі мүмкін екенін атап өтті.

«Заң тұрғысынан алғанда оның айыбы екі жылға спорттан шеттетіліп, Олимпиада медалінен басқа жетістіктерін сақтап қалған Майя Манезаның жағдайына ұқсас», — деп түйіндеді ол.  


Басты тақырыптар