Спорт

Андрей Аршавин "Қайратпен" келісімшартын ұзартты

Жазылу
Аршавин "Қайраттың" құрамында тағы бір жыл ойнайтын болды

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. "Қайрат" ФК жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин клубпен келісімшартын тағы бір жылға ұзартты, деп хабарлады клубтың ресми сайты.

Футбол - Sputnik Қазақстан
Спорт
Атақты футболшы журналистермен кездесу кезінде жылап жіберді

"Қайрат" келісімшартты тағы бір жыл ұзартуға ұсыныс жасағанына ризамын. Алматы қаласы жаныма жайлы, клубқа пайдамды тигіземін деп үміттенемін, клуб үшін, команда үшін қажетім бар болса, қала бергім келеді", — дейді Аршавиннің өзі.

Алматы клубының құрамында Андрей Аршавин осымен екі маусым ойнап жүр. Жартылай қорғаушы 71 матчта 21 рет гол соққан.

Жаңалықтар
0