Спорт

Нұрсұлтанов жеңілмеген америкалықты нокаутқа жіберді

© Sputnik / Асем МиржекееваБоксшы Мейірім Нұрсұлтанов
Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі бесінші жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. Отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов (4-0, 3 КО) Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында жекпе-жек өткізіп, қарсыласын екінші раундта ұтты, деп хабарлайды Sports.kz. 

Оның қарсыласы америкалық Эрик Мун (7-0, 6 КО) болды. Орта салмақтағы алты раундтық жекпе-жекте Нұрсұлтанов техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

 

 

Осылайша, қазақстандық кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді, ал Мун алғаш рет жеңіліске ұшырады. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде ресейлік Сергей Ковалев (30-2-1, 26 КО) пен украиналық Вячеслав Шабранский (19-1, 16 КО) жұдырықтасады. 

 


Жаңалықтар
0