Спорт

Ковалев әлем чемпионы атағын қайтарып алды

© AP Photo / Frank Franklin IIСергей Ковалев пен Вячеслав Шабранский
Сергей Ковалев пен Вячеслав Шабранский - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік боксшы америкалық Андре Уордтан екі рет жеңіліп, WBO титулынан айырылып қалған болатын

АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. Ресейлік Сергей Ковалев украиналық боксшы Вячеслав Шабранскийді жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титуылын жеңіп алды.  

Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Нұрсұлтанов жеңілмеген америкалықты нокаутқа жіберді
Жекпе-жек Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтті. Жеңіске жету үшін ресейлікке екі раунд жеткілікті болды. Алғашқы раундта ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Екінші раундта нокдауннан соң рефери жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатуға шешім қабылдады. 

Бұл Сергей Ковалевтің америкалық Андре Уордқа екі рет есе жібергеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегі болатын. Уорд бокстан кетіп, WBO титулы бос қалған еді. 

Айта кетейік, бокс кешінің андеркартында қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов америкалық Эрик Мунды нокаутпен ұтты.  


Жаңалықтар
0