17:00 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Олимпиада

Қазақстанға 2018 жылғы Олимпиададан бас тартуға кеңес берілді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Спорт
Қысқа сілтеме алу
54721

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Қазақстан мен басқа да бірқатар ел "Батыстың экономикалық аранының тоқпағына" ұшырауы мүмкін дейді

АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Ресей мемлекеттік думасының депутаты Виталий Милонов Қазақстанға Оңтүстік Кореядағы Олимпиадаға қатысудан бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.

Милонов сонымен бірге БРИКС құрамындағы елдердің, Беларусь пен Қырғызстанның ұлттық олимпиада комитеттерінен Ресеймен ынтымақтастығының белгісі ретінде жарысқа қатыспауды сұрады.

"Біздің елмен ынтымақтастықтарыңызды көрсетіп, Ресей құрамасы қатыспайтын болса, Олимпиададан бас тартуды ұсынамын. Біздің елдер үнемі солтүстік атлантикалық имперализммен бетпе-бет келіп жүр. АҚШ пен оның жақтастары әр уақытта елдерімізге саяси қысым көрсетіп, экономикалық тұрғыда бопсалап келді. Қазір Сэм көкеміздің басты нысанасы Ресей. Бірақ Батыстың экономикалық аранының тоқпағына ертең сіздің де Отаныңыз ұшырамайтынына кім кепіл?", — деп мәлімдеді Милонов. 

Депутаттың пікірінше, Ресей Халықаралық олимпиада комитетінің құрбаны болып отыр. 

Қысқы Олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында 2018 жылы 9-25 ақпан аралығында өтеді. Ресейдің олимпиада комитеті ХОК атқарушы комитетінің шешімімен жарыстан  аластатылған.

Басты тақырыптар