16:39 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі

БАҚ Головкин-Альварес реваншы келісілгенін хабарлады

© AP Photo / John Locher
Спорт
Қысқа сілтеме алу
89 0 0

Боксшылардың екінші жекпе-жегі 2018 жылдың 5 мамырында Синко де Майо мерекесінде өтеді

АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Мексикалық Deportes арнасының тележүргізушісі Фернандо Шварцтың мәліметінше, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес реваншы қай күні өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.   

Боксшылардың екінші жекпе-жегі 2018 жылдың 5 мамырында Синко де Майо мерекесінде өтеді. Головкиннің өкілдері келісім беріп қойған, ал Golden Boy Promotions басшысы Оскар де ла Хойя осы аптада келісімшартқа қол қою үшін «Канеломен» кездеседі.

Жекпе-жектің қай қалада өтетіні әзірге белгісіз. Мамандардың айтуынша, ол Далластағы AT&T Stadium, Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» және алғашқы жекпе-жек өткен Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да өтуі мүмкін.    


Басты тақырыптар