01:27 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Олимпиада ойындары

Мәдениет және спорт министрлігі Олимпиададан бас тарту туралы ұсынысқа жауап берді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Спорт
Қысқа сілтеме алу
66 0 0

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков мәлімдегендей, қазақстандық спортшылардың бәрі "таза" болып шықты және бәрі бірдей Олимпиадаға барады

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан құрамасы алда келе жатқан Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын болады, деп мәлімдеді ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков.

Бұдан бұрын Ресей мемлекеттік думасының депутаты Виталий Милонов Қазақстан мен бірқатар елге Ресей елімен ынтымақтастығының белгісі ретінде Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарына қатыспауды ұсынған болатын.

Қазақстан мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков өз кезегінде айтып өткендей, ведомство допингке қарсы конвенцияны толығымен қолдайды, сол себепті Халықаралық олимпиада комитеті басшылығымен өтетін барлық халықаралық жарыстарға, Олимпиада ойындарына тек "таза" спортшылар ғана қатысуы керек.

"Қалған жолдамаларға таласып, жарыстарға қатысып, дайындалып жүрген қыз-жігіттеріміз туралы айтар болсам, олардың бәрі допинг қолданбайтын "таза" спортшылар. Біз де допингке түбегейлі қарсымыз. Сол себепті "таза" спортшыларға Олимпиадаға жол ашық. Біз міндетті түрде қатысамыз, Олимпиадаға дайындалып жүрміз", — деді Мұсайбеков үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Қазіргі кезде Қазақстан құрамасында Олимпиадаға 23 лицензия бар: биатлон бойынша – 10, мәнерлеп сырғанаудан – 3, шорт-тректен – 10.

Басты тақырыптар