01:44 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Астана ФК еурокубоктардың плэй-оффына шыққан алғашқы қазақстандық клуб атанды

Назарбаев "Астана" футбол клубын құттықтады

© REUTERS / David W Cerny
Спорт
Қысқа сілтеме алу
51 0 0

Қазақстан Президенті команда мүшелерінің бәріне зор денсаулық пен амандық тіледі

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шығуына байланысты "Астана" футбол клубының командасын құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.   

"Сіздердің табыстарыңыз команданың ойынын зор қызығушылықпен әрі үмітпен бақылап жүрген миллиондаған қазақстандықтарға қуаныш сыйлады.

Сіздердің жетістіктеріңіз Қазақстанда футболды және спорт саласын одан әрі дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз. Елордамыз Астананың 20 жылдығы қарсаңындағы бұл жеңістің ерекше символдық мәні бар", – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті команда мүшелерінің бәріне зор денсаулық пен амандық тілеп, алға қойған мақсаттарының орындалуына ниеттестік білдірді.


Басты тақырыптар