Спорт

Назарбаев "Астана" футбол клубын құттықтады

© REUTERS / David W Cerny"Астана" ФК еурокубоктардың плэй-оффына шыққан алғашқы қазақстандық клуб атанды
Астана ФК еурокубоктардың плэй-оффына шыққан алғашқы қазақстандық клуб атанды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Президенті команда мүшелерінің бәріне зор денсаулық пен амандық тіледі

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шығуына байланысты "Астана" футбол клубының командасын құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.   

"Сіздердің табыстарыңыз команданың ойынын зор қызығушылықпен әрі үмітпен бақылап жүрген миллиондаған қазақстандықтарға қуаныш сыйлады.

ФК Астана - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Астана" ФК еліміздің тарихында алғаш рет Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шықты
Сіздердің жетістіктеріңіз Қазақстанда футболды және спорт саласын одан әрі дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз. Елордамыз Астананың 20 жылдығы қарсаңындағы бұл жеңістің ерекше символдық мәні бар", – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті команда мүшелерінің бәріне зор денсаулық пен амандық тілеп, алға қойған мақсаттарының орындалуына ниеттестік білдірді.


Жаңалықтар
0